Жарияланған күні: 01.05.2022 11:09
Өзгертілген күні: 01.05.2022 11:10

Капиталды шетелге шығаруға қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс шеңберінде мемлекеттік кірістер органдары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 50 мың АҚШ долларынан астам транзакциялар туралы деректері бойынша Қазақстан Республикасы азаматтарының ірі трансшекаралық аударымдарына салықтық бақылауды жүзеге асыруда (аударымдардың орташа сомасы 100 млн.теңгеден асады).

Бүгінгі таңда «тауарлар, жылжымайтын мүлік, бағалы қағаздар, қатысу үлестері үшін төлемдер» мақсатындағы төлемдер талданды және мынадай бағыттар бойынша хабарламалар қалыптастырылды:

1) тауарларды сатып алуға арналған төлемдер мен аударымдар бойынша

  • кірістерді төмендету бөлігінде – декларацияларда көрсетілген кірістер сомасы тауарларды сатып алуға арналған аударымдар сомасына сәйкес келмеген кезде, яғни сатып алынған тауарларды сатудан кірістерді төмендету туралы мәселе туындайды.

Бұл ретте қаражаттың шығу көздерін анықтау туралы мәселе туындамайды, аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері тарапынан мұндай талаптардың белгіленген фактілері бойынша тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

  • дара кәсіпкер ретінде есепке қою қажеттілігі туралы – жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тауарларды жүйелі негізде сатып алуы кәсіпкерлік қызмет белгілеріне ие болуына байланысты.

2) жылжымайтын мүлікті, бағалы қағаздарды және шет мемлекет заңды тұлғасының жарғылық капиталына қатысу үлестерін сатып алуға арналған төлемдер мен аударымдар бойынша

Бұл жағдайда жеке табыс салығы бойынша декларацияда (240.00-н.) жылжымайтын мүліктің, жарғылық капиталға қатысу үлесінің, шетелде тіркелген бағалы қағаздардың болуы туралы мәліметтердің көрсетілуі тұрғысынан, сондай-ақ бағалы қағаздарды өткізуге байланысты мүліктік табыстың туындауы тұрғысынан бақылау жүргізіледі.

CRS жүйесіне қатысты бүгінгі күні ЭЫДҰ-ға қатысушы 18 елмен қаржылық шоттар туралы ақпарат алмасу басталғанын хабарлаймыз, олардың шеңберінде ҚР азаматтарының шетелдік банктік шоттардағы ақша қаражатының қалдықтары туралы деректер алынады.

1000 еселенген АЕК мөлшерінен асатын сомада шетелде банктік салымдардың болуы олардың активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда (250.0- н.) көрсетілу міндеттемесіне алып келеді.

Осылайша, бүгінгі күні аталған мәліметтер бойынша камералдық бақылаудың жалғыз мәселесі жалпыға бірдей декларациялау жүйесіне кірген жеке тұлғалардың (мемлекеттік қызметшілер және оларға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайлары) осындай мәліметтерді декларацияларда көрсетуі болып табылады.

Аталған шаралар бұзушылықтарды өз бетінше жою мүмкіндігін беруге бағытталғанын атап өту қажет, осыған байланысты, камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар туралы мемлекеттік кірістер органдарынан хабарлама алған жағдайда, 30 жұмыс күні ішінде декларацияны және (немесе) салықтарды төлеу не растайтын құжаттарды қоса бере отырып, келіспейтіні туралы түсіндірмені ұсыну қажет.