Жарияланған күні: 08.12.2016 18:17
Өзгертілген күні: 08.12.2016 18:21

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

2016 жылдың 8-14 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің және Астана қ. бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлеріне арналған Астана қаласында  “Шешендік өнер” тақырыбында семинар-тренинг өтеді.

Бұл семинар-тренингтің мақсаты – қатысушыларға сөйлеу мәнерін жетілдіру арқылы, өзінің жасырын әлеуетін пайдалануға көмектесу.

Кез келген адамның сөйлеу мәнерін қуатты ықпал ету құралына айналдыра отырып, жақсартуға болады. Адам қаншалықты тез шешендік өнер ережесін меңгерсе, онда адамға: қарым қатынас құру, емтихан тапсыру, сұхбаттан өту,  мансап баспалдағынан өту және өмір суру де жеңілге соғады.

Шешендік өнер барлық жерде талап етіледі. Біздің бүкіл өмір қарым-қатынаспен байланысты - осылайша адамзат қоғамы ұйымдастырылған. Сондықтан да жеке өмірінде, білім алуда, жұмыста, бизнесте және саясатта ең жоғарғы табысқа - жақсы сөйлей алатын адам қол жеткізеді.

Дәріскерлер ретінде Қазақстан Республикасының Дебат қозғаласының мүшелері, Шешендік өнердің (IDEA Central Asia) сертификатталған мамандары қатысады.

 

 

ҚР Қаржы министрлігінің

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

 (Бейбітшілік 10)