Жарияланған күні: 30.09.2021 16:41
Өзгертілген күні: 16.11.2021 15:40

Декларацияны ұсынған 497 мың жеке тұлғаның 440-ында 58 елдің шетелдік банктерінде банктік шоттары бар. Ақшаның жалпы сомасы 691 млрд. теңгені құрайды. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жайдар Іңкәрбаев мәлімдеді.

Ресей Федерациясында, Америка Құрама Штаттарында, Швейцарияда банктік шоттардың ең көп саны ашылды.

494 жеке тұлға 26 елде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде 666 жылжымайтын мүлік объектісін декларациялады, оның ішінде 436 объекті Ресейде, 44  БАӘ-де, 38 Түркияда және т. б.

1030 жеке тұлға 49 шет мемлекетте тіркелген 1198 көлік құралын, оның ішінде 292 Ресейде, 235 Арменияда, 221 Жапонияда, 162 Германияда және т. б. декларациялады.

47 жеке тұлғаның біздің елден тыс 57 заңды тұлғада қатысу үлесі бар, бұл Ресейде, Кипрде, БАӘ және т. б.

1585 жеке тұлға 11 елде 1603 жылжымайтын мүлік объектісінің құрылысына қатысу үлесінің бар екенін көрсетті, оның ішінде Қазақстанда 1568.

116 адам инвестициялық алтынды жариялады;

25 елде 918 адам бағалы қағаздарды жариялады;

635 инвестициялық пай қорларында 608 адамның пайлары бар;

212 адамның 218 зияткерлік меншік, авторлық құқық объектілері бар;

355 адамның дебиторлық берешегі бар;

578 адамның кредиторлық берешегі бар.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке тұлғалардың декларацияларын ұсыну жөніндегі міндет жүктелген тұлғалар, активтері мен міндеттемелері туралы декларацияға қосымшаларда мүлікті сенімгерлік басқаруға беру туралы мәліметтер де көрсетіледі.

1 704 жеке тұлға 2 327 нысанды сенімді басқаруға берді.