Жарияланған күні: 26.07.2023 09:57
Өзгертілген күні: 26.07.2023 09:58

2023 жылғы 1 шілдеден 20 шілдеге дейін "ШЫХО-Қорғас" кеден бекетінде кеден бекетінің қызметкерлері шекара қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп, кедендік бақылаудың техникалық құралдарын және қызметтік иттерді пайдалана отырып, жеке тұлғалардың жалпы сомасы 40,2 мың АҚШ доллары, 17,8 млн теңге және 60,0 мың юаньға декларациясыз ақша қаражатын тасымалдаудың 5 фактісі анықталды.

Қазақстан Республикасының Кеден кодексінің 343-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес, егер ЕАЭО кедендік аумағына бір уақытта әкелу немесе ЕАЭО кедендік аумағынан бір уақытта әкету кезінде мұндай қолма-қол ақша қаражатының және (немесе) жол чектерінің жалпы сомасы кеден органына жолаушыларға арналған кедендік декларацияны ұсынған күнге қолданыста болатын валюта бағамы бойынша он мың АҚШ долларына баламалы сомадан асып кетсе, қолма-қол ақша қаражаты және (немесе) жол чектері кедендік декларациялауға жатады.

Барлық фактілер бойынша әкімшілік материалдар толтырылды.

Жетісу облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті ҚР Президентінің 2022 жылғы 14 наурыздағы №830 "Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" Жарлығына сәйкес 10 000 мың АҚШ долларынан асатын сомада қолма-қол шетел валютасын әкетуге тыйым салынғанын еске салады.