Жарияланған күні: 09.03.2023 15:00
Өзгертілген күні: 09.03.2023 15:01

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! САҚ БОЛЫҢЫЗ!

3 наурызда азаматтардан банкроттық туралы өтініштерді қабылдау басталды (Азаматтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы заң күшіне енді).

2023 жылдың 9 наурызында сағат 9:00-дегі жағдай бойынша соттан тыс банкроттыққа 11 177 өтініш түскен (eGov арқылы 10 462,
e-Salyq Azamat арқылы 715). Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.

Заң борышкердің төлем қабілеттілігін әртүрлі құралдар арқылы қалпына келтіруге мүмкіндігін қарастырады: соттан тыс банкроттық, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және сот банкроттығы.

Азаматтар Халыққа қызмет көрсету орталықтарына (ХҚКО) келмей-ақ, электронды үкімет порталы (eGov.kz.), сондай-ақ «e-Salyq Azamat» немесе «eGov Mobile» мобильді қосымшасы арқылы өтініш бере алады.

Алайда, кейбір ХҚКО-ның маңында банкроттыққа құжаттарды рәсімдеу үшін ақылы, делдалдық қызмет көрсетуді ұсынатындар жиілеп кетті.

Мемлекеттік кірістер комитеті соттан тыс банкроттық рәсімі (қарызы 5,5 млн. теңгеден аспайтын) тегін жүргізілетінін хабарлайды.

Банкроттық рәсімін қолдану тәртібі туралы ақысыз толық ақпарат алу үшін ХҚКО-ның операторларына немесе мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлеріне бару қажет.

Сонымен қатар, 1414 нөміріне телефон шалып, немесе https://t.me/SalyqBot Telegram чат-ботына жазу арқылы сұрақтарыңызды қоюға болады.

Банкроттық рәсімінен өту тәртібі туралы ақпарат ҚР Қаржы министрлігінің және Мемлекеттік кірістер комитетінің сайттарында жарияланған.

Бейненұсқаулық мына сілтеме бойынша қолжетімді: https://www.youtube.com/watch?v=27pS8RgXUa0

ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР!

ТЕК РЕСМИ АҚПАРАТ КӨЗДЕРІНЕ СЕНІҢІЗ!