Жарияланған күні: 15.09.2022 16:54
Өзгертілген күні: 15.09.2022 16:56

2022 жылғы 14 қыркүйекте  ҚР ҚМ МКК Оқу-әдістемелік орталығы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментімен бірлесіп «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, жоғары этикалық және кәсіби стандарттарды қолдау үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру» тақырыбында форум өткізді.

Іс-шараның мақсаты - аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы ағарту шараларын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы өзгерістерді түсіндіру.

Форумда тыңдаушылар ретінде аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының 194 қызметкері қатысты.

Дәріскер ретінде:                                            

          Қазақстан Республикасы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі департаменті Привенция басқармасының аса маңызды істер жөніндегі офицері - Айдос Жанузакулы Мамыт қатысты.

Іс-шара жоспарланған бағдарлама аясында сәтті өтті.

Форум барысында тыңдаушылар мемлекеттік қызмет жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің барлық түрлерімен танысты. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлық заңнамасындағы өзгерістер мен жаңалықтарды ұсынды. Бұл білім тыңдаушыларға өз жұмысында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуге, сондай-ақ жалпы сыбайлас жемқорлық профилактикасын арттыруға мүмкіндік береді. Бұл ретте аталған білім басқа мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жолын кесу және анықтау кезінде қолданылуы мүмкін екенін атап өтеміз.

Осылайша, бұл форум жалпы қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің жоғары деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.