Жарияланған күні: 11.02.2022 22:39
Өзгертілген күні: 11.02.2022 22:44

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Республикасының Заң Қазақстан Республикасы Заңында акциз маркалары термині сәйкестендіру құрылғыларына ауыстырылды. 

Аталған норма 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енді.

Сәйкестендіру құрылғылары – бұл штрих код түрінде ұсынылған немесе радиожиілік белгісіне жазылған немесе автоматты түрде сәйкестендірудің өзге құралы (технологиясы) пайдаланыла отырып ұсынылған, машинамен оқылатын нысандағы символдардың бірегей тізбегі (Қазақстан Республикасы «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының
1-бабының 31) тармақшасы).

Өз кезегінде, темекі өнімдерін таңбалау өндірілген сәттен бастап, импорт қоса алғанда, қадағалау мүмкіндігін береді. Осындай таңбалаудық арқасында тұтынушыларға сатып алынатын тауарлар туралы толық ақпарат алуға мүмкіндік берілді.

Осылайша, акциз маркалары алынып тасталуына байланысты, 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап темекі өнімдері тек қана сәйкестендіру құрылғыларымен таңбаланады.

«Шарап материалын, құйылатын шарап және сыра қайнату өнімдерін қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын, сондай-ақ есепке алу-бақылау маркаларының нысанын, мазмұнын және қорғау элементтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің бұйрығы жобасын ««Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 172-бабы 15-тармағының 1) тармақшасымен сәйкестендіру мақсатында әзірленді.   

Қаулы жобасы ашық нормативтік-құқықтық актілер
интернет-порталында орналастырылған (https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=13997707).