Жарияланған күні: 20.09.2021 11:20
Өзгертілген күні: 16.11.2021 16:38

 

Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды енгізу бойынша пилоттық жоба қашан аяқталады және жеке тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылады ма?

 Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды енгізу бойынша пилоттық жобасы қашан аяқталады?

Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды міндетті енгізуге дайындау үшін қосымша уақыт беру туралы бизнес-қоғамдастықтың келіп түскен ұсыныстарына байланысты акцизделетін тауарлар, ЕАЭО шеңберінде импорт/экспорт және «Виртуалды қойма» тауарлары бойынша пилоттық жобаның мерзімдерін 2022 жылғы 1 сәуірге дейін ұзарту туралы шешім қабылданды.

 

Жеке тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылады ма?

Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 176-бабына сәйкес тауарларға ілеспе жүкқұжаттар  бойынша ресімдеу тәртібі мен құжат айналымын уәкілетті орган белгілейді. Тәртіп Қаржы министрінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 1424 бұйрығымен бекітілген.

Бұл ретте, көрсетілген нормативтік-құқықтық акт жеке тұлғалардың тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу, сондай-ақ растау бойынша міндеттемелері көзделмеген, тиісінше мұндай тұлғаларға әкімшілік жауапкершілік шаралары қолданылмайды.