Жарияланған күні: 17.09.2021 19:57
Өзгертілген күні: 16.11.2021 16:46

2021 жылғы 13 – 15 қыркүйек аралығында ҚР ҚМ МКК Оқу-әдістемелік орталығы «Тайм-менеджмент-уақытты тиімді ұйымдастыру. Мемлекеттік қызметтегі медиация факторы ретінде Стресс-менеджмент» тақырыбында қашықтықтан семинар өткізді.

Іс – шараның мақсаты – мақсатқа жету үшін жұмыс уақытын тиімді жоспарлау, уақыт ресурстарын табу, басымдықтарды белгілеу және жоспарланған жұмыстың орындалуын бақылау.

Семинарға тыңдаушылар ретінде мемлекеттік кірістер органдары аумақтық бөлімшелерінің  қызметкерлері қатысты.

14 қыркүйек күні сағат 10.00-де семинар тыңдаушылары үшін Polycom ВКС арқылы Instagram (@oao_mkk_kz) тікелей эфирі арқылы дәріс оқылды.

Іс-шарада ҚР ҚМ МКК ОӘО Біліктілікті арттыру және қайта даярлық бөлімінің басшысы Абдраймов Бақытбек Игибаевич модератор жұмысын атқарды.

Дәріскер ретінде:

Асылбекова Лейла Умурзаковна – ХАҒА академигі, психология ғылымдарының докторы, медицина ғылымдарының кандидаты, ҚР ҚМ МКК «Салықтық әкімшілендіруді реформалау» жобасының Жеке дағдыларды дамыту бойынша кеңесшісі.

Семинарға қатысушылардың тарапынан лекторға сұрақтар қойылып, оларға толық жауаптар берілді.

Іс-шара қорытындысы бойынша 112 қатысушыларға біліктілігін сәтті арттыру туралы сертификаттар жіберіледі.