Жарияланған күні: 04.05.2022 11:58
Өзгертілген күні: 04.05.2022 11:59

 

Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментімен Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментімен бірлесіп жүргізген іс-шаралар барысында «Айша-бибі» шекара бекетінде екі автокөлік ұсталған. Атап айтқанда: Қырғызстан Республикасының И. азаматының бақылауындағы мемлекеттік нөмірі № 07KG133AAG «Мерседес» маркалы автокөлігі және Қырғызстан Республикасының Б. азаматының бақылауындағы № 09KG510AAV «Penault Premium» маркалы автокөлігі ұсталған.

Аталған автокөліктерді тексеру барысында «Parlament» және «Antivirus» маркалы алкоголь өнімінің 25 920 көлеміндегі бөтелкедегі арақ Қазақстан Республикасының аумағына заңсыз әкелу фактісі анықталды. Бұл ретте алкоголь өнімдерінің бұл партиясы «Big Bon» тез дайындалатын кеспе ретінде жасырын тасымалданды. Алдын ала қорытынды нәтижелері бойынша ұсталған алкоголь өнімі партиясының жалпы құны 25 660 800 теңгені құрады.

Аталған факті бойынша Жамбыл облысы бойынша ЭТД алкоголь өнімінің заңсыз айналымының жолын кесу бойынша қылмыстық іс қозғалды.