
«Уақытша кедендік бақылау аймақтары, уақытша сақтау орындары және бажсыз сауда дүкендерінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 280 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2023 жылғы 12 маусымдағы № 640 бұйрығы (бұдан әрі – Бұйрық) 2023 жылғы 26 маусымнан бастап күшіне енеді.
Енгізілген өзгертулер бейнебақылау құралдарымен периметрді жарақтандыру туралы талапты 10 (он) мың шаршы метрден астам еркін қойма алаңы бар еркін қоймалар үшін алып тастайды.
Осы бұйрық Қазақтан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған (http://zan.gov.kz/client/#!/doc/182865/kaz).