Жарияланған күні: 21.12.2022 16:15
Өзгертілген күні: 21.12.2022 16:18

2021 жылы қабылданған шаралар 2020 жылмен салыстырғанда 0,5 п.п. (20,23%) төмендеумен, ЖІӨ-ге көлеңкелі экономиканы 19,75% деңгейіне дейін төмендетуге қол жеткізуге мүмкіндік берді. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Данияр Жанәлінов ОКҚ өткен брифингте хабарлады.

Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыс импорттан бастап түпкілікті тұтынушыға дейінгі тауарларды өткізудің бүкіл тізбегі бойынша бақылау жүргізуге бағытталған ақпараттық жүйелер кешені болып табылатын Ұлттық қадағалау жүйесіне негізделген.

Құжаттамалық қадағалау Астана-1 және «Виртуалды қойма» модулі бар Электрондық шот-фактуралар жүйелерінде және тауарды онлайн-БКМ арқылы айналымнан шығарумен жүргізіледі.

«Бірыңғай терезе» ақпараттық жүйесінде кедендік тазарту үшін қажетті кедендік қызметтер мен рұқсат беру құжаттары автоматтандырылған.

Барлық кедендік декларациялар электрондық түрде, АСТАНА-1 жүйесі арқылы ұсынылады.

Айта кету керек, контрафактілік өнімнің жолын кесу бойынша Кедендік бақылау тәуекелдерді басқару жүйесін пайдалана отырып, «Зияткерлік меншікті бақылау» модулі арқылы жүзеге асырылады.

Тауарларды декларациялау кезінде жүйе кедендік тазартуды автоматты түрде тоқтатады және лауазымды тұлғалар құқық иелерінің құқықтарын қорғау жөнінде шаралар қабылдайды.

Бүгінгі таңда «Электрондық шот-фактуралар» жүйесінде 800 мыңға жуық пайдаланушы тіркелген және 860 млн ЭШФ жазып берілген.

Жүйе енгізілген сәттен бастап ҚҚС бойынша 565 млрд теңге қосымша түсімдер қамтамасыз етілді.

«Виртуалды қойма» модулі де өзінің тиімділігін көрсетеді.

Оның ерекшелігі тауарларды қоймада есепке алмай ЭШФ жүйесінде оларды одан әрі сату мүмкін еместігі болып табылады. Осылайша, жалған шот-фактураларды жазып беру және тауарсыз операцияларды жасау қаупі азаяды.

Физикалық қадағалау бөлігінде тауарларды таңбалау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Қадағалау жүйесінің соңғы буыны онлайн-БКМ қолдану болып табылады. Жүйе сауда кірісі туралы мәліметтерді тіркейді және мемлекеттік кірістер органдарына береді. Соңғы тұтынушыға сату кезінде тауарды айналымнан шығару, жоспарда бар.