Жарияланған күні: 29.06.2022 14:39
Өзгертілген күні: 29.06.2022 16:55

26.06.2022 жылғы 26 маусымда жергілікті уақытпен сағат 13:40-та елорданың «Нұрсұлтан Назарбаев» Халықаралық әуежайында «VOLGA DNEPR AIRLINES» әуе компаниясының Үрімші (ҚХР) – Нұр-Сұлтан – Мәскеу бағытындағы коммерциялық рейісін іске асырып жатқан RA-82074 нөмірлі әуе кемесі тоқтаған.

Ол туралы әуежайдың қызметі «Әуежай Астана» кеден бекетінің қызметкерлеріне тез арада хабарлаған.

Дегенмен, әуе кемесінің экипажы және оның өкілімен белгіленген уақыт ішінде кедендік рәсімдеуге қажетті  кедендік құжаттар мен мәліметтер ұсынылмаған. Сондықтан, әуе компаниясына қатысты ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 538-бабымен әкімшіліктік өндіріс қозғалды. Бұл бұзушылық үшін жиырма айлық есеп көрсеткіш көлемінде айыппұл қаралған.

Қазақстан Республикасының кедендік заңнамасына сәйкес,  тасымалдаушы немесе өзге де белгіленген тұлғалар келуі туралы хабардар еткен кезден бастап кеден органының жұмыс уақытының үш сағаты ішінде көлік құралына кедендік декларацияны тапсыруға міндетті.

Әуе компаниясының өкілдері бұзушылықпен келісіп, кінәлілерді әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша жұмыс жүргізілді. Аталған заң бұзушылық кедендік әкімшілендіру саласындағы кәдімгі әкімшілік құқық бұзушылыққа жатады.

Қазіргі уақытта әкімшілік іс толтырылып, кедендік ресімдеу жүргізілген. Сондықтан әуе кемесі шығарылып, елорда әуежайынан кетті.