Жарияланған күні: 03.08.2021 14:49
Өзгертілген күні: 16.11.2021 18:01

 

Салық төлеушілерден көптеп келіп жатқан сұрақтарға байланысты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңды тұлғалар көлiк құралдары салығы бойынша салық міндеттемесін орындау  мерзімінің  көшірілуіне қатысты түсіндірме берді.

Салық кодексінің 494-бабының 1-тармағына сәйкес және 496-бабының 1-тармағына сәйкес заңды тұлғалар ағымдағы төлемдер сомасын төлеуді және ағымдағы төлемдердің есеп-қисабынұсынуды салық салу объектiлерiнiң тiркелген жерi бойынша салық кезеңiнiң 5 шiлдесiнен кешiктiрмей жүргiзуі қажет.

Сонымен қатар, Салық кодексінің 38-бабының 2-тармағына сәйкес, егер салықтық міндеттемені орындау мерзімінің соңғы күні жұмыс күні болмаса, онда мерзім келесі жұмыс күнінің соңында аяқталады.

«Осылайша, 2021 жылы 6 шілде мереке күніекенін және демалыс күннің 5 шілдеге ауыстырылғанын ескерсек, көлiк құралдары салығы бойынша ағымдағы төлемдер сомасын төлеу мен ағымдағы төлемдердің есеп-қисабын ұсыну бойынша салық міндеттемесін орындау  мерзімі келесі жұмыс күнінің соңында, яғни 7 шілдеде аяқталады», - деп қорытындылады МКК-де. 

Салықтың төлеу мерзімін 7 шілдеге ауыстыру бөлігінде ҚР ҚМ МКК-нің ақпараттық жүйелерін жаңарту бойынша жұмыстар жүргізілуде.