Жарияланған күні: 15.07.2022 16:45
Өзгертілген күні: 15.07.2022 16:47

«Бүгін, 2022 жылғы 15 шілдеде, жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкі туралы декларацияны (270.00 нысан) қағаз түрінде тапсыру мерзімінің соңғы күні екенін еске саламыз», - деп хабарлады ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде.

Декларацияны жеке тұлғаның тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына тапсыру қажет.

Егер қағаз түрінде тапсырылмаса, 2022 жылғы 15 қыркүйекке дейін электронды түрде тапсыруға болады.

Жалпыға бірдей декларациялаудың бірінші кезеңінде, яғни былтыр, активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны ұсынған тұлғалар 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап кірістері мен мүлкі туралы декларацияны ұсына бастаған. Ол азаматтарға мемлекеттік қызметшілер, оларға теңестірілгендер, банк және сақтандыру нарығының және бағалы қағаздар нарығының ірі қатысушылары, сондай-ақ аталған тұлғалардың жұбайлары жатады.