
«Дербес сәйкестендіру нөмірлері-кодтарын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 137 бұйрық жобасы (бұдан әрі – Бұйрық жобасы) Қазақстан Республикасы Президентінің жарғыларымен сәйкестендіру мақсатында әзірленген.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қостанай облысының Таран ауданын қайта атау туралы» 2019 жылғы 24 маусымдағы №24 Жарлығымен Таран ауданы Бейімбет Майлин атындағы аудан болып қайта аталды.
Қазақстан Республикасының Президентінің «Түркістан облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы» 2021 жылғы 12 наурыздағы № 534 Жарлығымен Түркістан облысының Сауран ауданы құрылды.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Ақмола облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы» 2021 жылғы 26 шілдедегі № 629 Жарлығымен Ақмола облысының Қосшы қаласы құрылды.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» 2022 жылғы 3 мамырдағы № 887 Жарлығына сәйкес үш (Абай, Жетісу, Ұлытау) облыстың құрылуы туралы.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының əкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 2022 жылғы 17 қыркүйектегі № 1017 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының елордасы – Нұр-Сұлтан қаласының атауын Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласы деп өзгерту туралы.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» 2022 жылғы 3 мамырдағы № 886 Жарлығымен Көкпекті ауданының құрамынан бөлу жолымен әкімшілік орталығы Самар ауылында орналасатын Самар ауданы құрылды.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» 2022 жылғы 3 мамырдағы № 885 Жарлығымен Алматы облысының Қапшағай қаласы Қонаев қаласы деп қайта аталды.
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 7 шілдедегі № 1234 бірлескен қаулысы және Шымкент қаласында бесінші ауданды құру және аудандардың шекараларын белгілеу туралы Шымкент қаласы мәслихатының 2022 жылғы 7 шілдедегі № 18/164-VII шешімі қабылданды.
Бұйрық жобасы ашық нормативтік-құқықтық актілер интернет-порталында 2022 жылы 13 желтоқсанға дейін орналастырылған https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id =14311865.