Жарияланған күні: 09.05.2020 23:00
Өзгертілген күні: 12.03.2021 10:48

«Бір белдеу – бір жол» бастамасының

Аймақтық салық орталығы

 

2019 жылдың сәуір айында Қытай Халық Республикасының Учжень қаласында «Бір белдеу – бір жол» бастамасы аясында салық әкімшіліктері ынтымақтастығының бірінші форумы өтті. Аталған форумға 85 елден 300-ден астам салық әкімшіліктерінің өкілдері, 16 халықаралық және аймақтық ұйымдар, сондай-ақ бизнес қоғамдастықтарының өкілдері қатысты.

Қазақстан Республикасының делегациясына ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы М. Е. Сұлтанғазиев басшылық етті, бұл іс – шара барынша қолайлы салық ортасын құру бойынша қажетті шешімдерді әзірлеуге мүмкіндік беретініне және «Бір белдеу - бір жол» бастамасы елдер арасында салық әкімшіліктерінің ынтымақтастығын тереңдетуге ықпал ететініне сенім білдірді.

«Салық әкімшіліктерінің әлеуетін арттыру» пленарлық сессиясы барысында форумға қатысушыларға «Бір белдеу – бір жол» бастамасының орыс тілінде сөйлейтін елдерге Аймақтық салық орталығы таныстырылды. Орталықты құрудың негізгі мақсаты «Бір белдеу-бір жол» бастамасының салықтық, кедендік, көліктік – логистикалық және гуманитарлық бағыттары саласында тәжірибе алмасу және өзара іс-қимыл жасау үшін қолайлы алаң құру болып табылады.

Форум қорытындысы бойынша салықтық әкімшілендіру саласында ынтымақтастық тетігін құру туралы Меморандумға қол қойылды, «Бір белдеу – бір жол» бастамасын кең көлемде іске асырудың бастапқы қадамы болды.

Осылайша, 2019 жылдың қыркүйек айында ҚР ҚМ МКК Оқу-әдістемелік орталығының базасында орыс тілінде сөйлейтін елдер үшін «Бір белбеу – бір жол» бастамасының Аймақтық салық орталығы жұмыс істей бастады.

«Трансферттік баға белгілеу: халықаралық стандарттар және ұлттық заңнама» тақырыбындағы бірінші дөңгелек үстелді Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Өзбекстан, Тәжікстан, Молдова, Қытай Халық Республикасы салық қызметі өкілдерінің қатысуымен Аймақтық салық орталығы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен, BRITACOM Хатшылығымен бірлесіп өткізді.

Дөңгелек үстел 28-29 қараша аралығында Нұр-Сұлтан қаласында өтті. Дөңгелек үстелді өткізу бірінші кезекте көршілес елдерге экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының ұсынымдарын енгізуде Қазақстанның тәжірибесін көрсетуге, кәсіби байланыстарды нығайтуға мүмкіндік берді.

Ағымдағы жылы Аймақтық салық орталығы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының, BRITACOM Хатшылығының қолдауымен екі халықаралық семинар өткізуді жоспарлап отыр.

https://kgd.gov.kz/sites/default/files/pages/daab62db-f245-491d-bd2c-d29e82095016_1.jpg

https://kgd.gov.kz/sites/default/files/pages/7db70fba-d4e8-4148-a93d-b14ce6e5ddf0_1.jpg

https://kgd.gov.kz/sites/default/files/pages/f81d00ea-ef82-443d-836a-c2db48db287c_0.jpg