Жарияланған күні: 19.05.2020 16:08
Өзгертілген күні: 03.07.2023 10:34

"Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі коммуникативтік дағдылар техникасы"

 

Ұсынылатын вебинар кәсіби қызметі қарым-қатынасқа байланысты мемлекеттік қызметшілерге және өз жұмысының түрі бойынша адамдармен тиімді және сауатты өзара іс-қимыл жасауға, мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсетуге бағдарланған болуға тиіс.

Осы сессияда мүмкіндігі шектеулі адамдармен қарым-қатынас жасаудың коммуникативтік дағдыларына үйретуге ерекше көңіл бөлінген, онда мүгедектермен және халықтың мүмкіндігі шектеулі топтарының өкілдерімен қарым-қатынас жасау жөнінде егжей-тегжейлі ұсыныстар берілген.

Ұсынылған тақырыптың негізгі мақсаты күнделікті қызметте қажетті белгілі бір адамгершілік қасиеттері бар кәсіби қызметкерді қалыптастыру болып табылады: әріптестермен және халықпен қарым-қатынас процестерін құру, өзінің психологиялық жағдайын бақылау және басқару, коммуникациядағы психологиялық кедергілерді еңсеру, уақытылы кері байланысты ұсыну және т. б.

Сондықтан "Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде коммуникативтік дағдылар техникасы" сессиясын өту барысында қызметкерлер қарым-қатынас стратегиясын дұрыс таңдауды, өзара іс-қимылдың тиімді тәсілдерін меңгеруді және халыққа сапалы қызмет көрсету үшін жеке этикалық мінез-құлық мәнерін жасауды үйренеді.

"Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі коммуникативтік дағдылар техникасы" тақырыбына сілтеме бойынша бейнесабақ