Жарияланған күні: 15.04.2021 18:40
Өзгертілген күні: 15.04.2021 18:43

Құрметті салық төлеушілер!

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік Кірістер Комитеті назарларыңызға   15.04.2021 жылдың Нұр-Сұлтан қ. уақытымен сағат 22:00 бастап 16.04.2021 жылдың 00:15 уақытына дейін «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінін регламенттік жаңарту жұмыстары жүргізілетінін хабарлайды.

Жүйені жаңарту процестерді оңтайландыру және қателерді жою мақсатында жүргізіледі:

1.         Алкоголь өнімі үшін бөлінбеген қоймаға ТІЖ ресімдеу (анықтамалықта лицензия нөмірін таңдау мүмкіндігі бөлігінде web-порталдағы өзгерістер).

2.         QueryInvoiceByKeyRequest әдісі бойынша бос мәндерді қайтару қатесін жою (күні мен ішкі нөмірі бойынша ЭШФ іздеу).

3.         ТІЖ-ні бөлшектеп қайтаруға шығару кезінде «ВҚ қоймасының темекі бұйымдарының БҚ(бөлек қызмет) лицензиясы жоқ» қатесін жою.

4.         Қатені жою «Сұрауды орындау кезінде қате пайда болды. Қолдау қызметіне хабарласыңыз» 7.4 белгісі бар ТІЖ растау кезінде және “МСО(мемлекеттік салық органдары) инспекторы растады” мәртебесі расталған кезде.

5.         Web-порталда және API бойынша қайтаруға бастапқы ТІЖ және ТІЖ-де «ЭШФ АЖ-дағы тауарды сәйкестендіргіш» өрісіне мәндердің сәйкес келуіне тексеру қосу.

6.         «Қалдықтар» журналында web-порталда ақпаратты көрсете отырып, виртуалды қоймадағы бос қалдықтарды есептеуді қосу.

7.         «Java.lang.IndexOutOfBoundsException:Index:4,Size:1» ТІЖ негізінде қосымша ЭШФ шығару кезінде қатені жою.

Осыған байланысты, көрсетілген уақыт кезеңінде «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінін қол жетімді болмайды.

Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз!