Жарияланған күні: 30.11.2021 19:24
Өзгертілген күні: 30.11.2021 19:25

Құрметті салық төлеушілер!

 

Тауарларды бақылап отыру тетігі бұл ЕАЭО кедендік аумағына әкелінген тауарларды қадағалап отыру тетігі туралы ратификацияланған Келісімге байланысты Қазақстан Республикасының ЕАЭО шеңберіндегі халықаралық міндеттемесі. (Қазақстан Республикасы 2020 жылғы мамырда ратификациялаған және 2021 жылғы 3 ақпанда күшіне енген).

Біздің Республикада МКК-дағы электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі осындай жүйе болып танылады.

Қадағалаудың көрсетілген тетігін енгізудің мақсаты кеден және салық төлемдерін төлеуден жалтарудың әртүрлі схемаларын пайдалануды, сондай-ақ оларды трансшекаралық саудада өткізу кезінде тауарлар айналымының заңдылығын растауды болдырмайтын жағдайлар жасау болып табылады.

Әкімшілендіру қадағалануға жататын тауарлар айналымына байланысты операцияларды бақылау арқылы жүзеге асырылады. Бұл бақылау ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің ұлттық қадағалау жүйелерінен мәліметтер алмасу арқылы жүргізілетін болады.

Қадағалау импорттық тауарлар бойынша жүзеге асырылатын болады. Қадағалау мерзімі - бес жыл.

Тауарларды қадағалап отырудың жұмыс істеу тәртібін айқындау мақсатында «Қадағалап отыру тетігінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрықтың жобасы әзірленді.

 

 

 

Бұйрықтың жобасы Ашық НҚА (LEGALACTS) порталында орналасқан.

(https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=13499348).)

 

Барлық мүдделі тұлғаларды, қоғамдық бірлестіктерді, бизнес қауымдастықтарын және салық төлеушілерді осы жобаны талқылауға белсенді қатысуды сұраймыз.