Жарияланған күні: 11.03.2022 17:29
Өзгертілген күні: 11.03.2022 17:32

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде бейрезидент-заңды тұлғалар мен дара кәсіпкер ретінде  қалй тіркелуге болатыны туралы түсіндірме берді.

Мемлекеттік кірістер органдары бейрезидент-заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерді тіркеуді жүзеге асырады.

 

Бейрезидент-заңды тұлғалар

Бейрезидент-заңды тұлға ретінде тіркеу есебіне тұру үшін мемлекеттік кірістер органдарының қызмет көрсету орталықтарында салықтық өтінішті тапсыру қажет.

Бейрезидент-заңды тұлға ретінде тіркелу үшін нотариат куәландырған келесі негізгі құжаттар көшірмелерін тапсыру қажет:

- құрылтай құжаттарының көшірмелері;

- мемлекеттік тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсете отырып, бейрезиденттің инкорпорация еліндегі мемлекеттік тіркелуін растайтын құжаттардың көшірмелері;

- осындай құжат болған кезде салықтық тіркеу нөмірін (немесе оның аналогын) көрсете отырып, бейрезиденттің инкорпорация еліндегі салықтық тіркелуін растайтын және бенефициарлық меншік иесі туралы құжаттардың көшірмелері.

Бейрезиденттерді салық төлеушілер ретінде тіркеуді салық органы бекіткен нысан бойынша тіркеу куәлігін бере отырып, салықтық өтінішті қабылдаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күннің ішінде жүзеге асырады.

 

Дара кәсіпкерлер

Дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне тұруға Қазақстан Республикасының азаматтары, қандастар құқылы, сонымен қатар Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Ресей Федерациясының,  Тәжікстан, Қырғызстан, Беларусь, Армения азаматтары да құқылы, демек  олардың Қазақстан Республикасында мекендеу қағазы бар азаматтар.

Дара кәсіпкер ретінде жұмыс бастау үшін  egov.kz порталы арқылы,
«E-salyq business» мобильды қосымшасы, екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшасы, сонымен қатар қағаз жүзінде мемлекеттік кірістер органдарының қызмет көрсету орталықтары арқылы хабарлама жіберіледі.

Тіркеу, хабарлама жіберілген күннен бастап бір жұмыс күн ішінде жүргізіледі.