Жарияланған күні: 24.01.2022 10:11
Өзгертілген күні: 24.01.2022 13:23

2022 жылдың 21 қаңтары

Нұр-Сұлтан қ.

2022 жылдың қаңтарында ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Қайрат Миятов бизнес пен қоғамды қолдау мақсатында Қаржы министрлігі қабылдайтын шаралар жайында айтты.

Қ. Миятов өзінің баяндамасында «ұзаққа созылған пандемия жағдайында және Қазақстанның көптеген қалаларына террорлық шабуылдан кейін шағын және орта бизнес елеулі қиындықтарға тап болуда. Қаржы министрлігі бизнесті және жалпы қоғамды салық заңнамасы тұрғысынан қолдау үшін бірқатар шаралар қабылдауда.

Жекелеп айтқанда, Салық кодексінің 412-бабына сәйкес, төтенше жағдайдың енгізілуіне және интернет желісінің жұмысындағы техникалық іркілістерге байланысты, Қаржы министрлігі 2022 жылғы 5-19 қаңтар аралығындағы кезеңде техникалық қатені тану туралы хаттамаға қол қойды.

Қажет болған жағдайда, салық төлеушілер 2022 жылғы 19 қаңтардан кейін күнтізбелік 15 күн ішінде ЭШФ (электронды шот-фактуралар) ақпараттық жүйесіне енгізе отырып, шот-фактураларды қағаз жеткізгіште жазып беруге құқылы. Бұл үшін айыппұл санкциялары қолданылмайды.

2022 жылғы 1 ақпанға дейін салықтық және кедендік тексерулер тоқтатылды. Алайда, бұған кәсіпкерлердің өздері немесе құқық қорғау органдары өз қызметін тексеру туралы өтініштері бойынша жасалатын тексерулер жатпайды. 

2022 жылғы 1 ақпанға дейін камералдық бақылау жүргізу тоқтатылды»-деді.

Қ. Миятов, сонымен қатар, 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген жаңашылдықтар туралы егжей-тегжейлі тоқталып өтті. Олар:

  1. Банктер Мемлекеттік кіріс органдарының тыйым салуды алып тастау туралы өкімін кері қайтарып алғанға дейін, егер салық қарыздары толығымен төленген болса, ЖК мен заңды тұлғаның банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын қайта бастауға құқылы.
  2. ЖК және заңды тұлғаның банктік шоттары.тұлғалар 18 мың теңгеге (6 АЕК) дейінгі салық берешегі кезінде жабылмайды.
  3. "E-Salyq Виѕіпеѕѕ" мобильді қосымшасы негізінде жаңа арнайы салық режимі орнатылды.
  4. Салық тексеруін жүргізбей, ҚҚС төлеушілерді жою жеңілдетілген тәртіппен жүргізіледі.
  5. Шағын фургондарға (газель) жеңіл көліктерге қарағанда төменірек бағамен көлік салығы салынады.
  6. Қоймалар бойынша мүлік салығын төлеудің қолданыстағы тәртібі жеңілдетілді (жыл сайынғы дербес есептеусіз және жеке салық декларациясын ұсынбай-ақ).

"Қазақстан халқына" қоры жөнінде Қаржы министрлігінің өкілі Қорға аударымдар немесе мүлік өткізу кезінде салық міндеттемелерін азайту құқығын беретін нормалар қаралуда екендігін және Қор қаражатынан көрсетілетін көмекке салық салынбайтындығын, ал зардап шеккен бизнес субъектілеріне өтелетін залал сомасы салық салудан босатылатындығын атап өтті.