
Активтер мен міндеттемелер туралы Декларация тұрғылықты (болатын) жері бойынша, яғни жеке тұлға тіркелген салық органына ұсынылады. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жайдар Іңкәрбаев мәлімдеді.
Декларацияны қағаз жеткізгіште – декларацияны табыс ету жөніндегі міндеттеме туындаған ағымдағы жылғы 15 шілдеден кешіктірмей, электрондық түрде – 15 қыркүйектен кешіктірмей табыс етуге болады.
Декларацияның қағаз тасығышында Мемлекеттік кірістер органдарына не ХҚО-ға келу тәртібімен ұсынылады.
Декларацияны электронды түрде салық төлеушінің кабинеті (Cabinet.salyk.kz), «Электрондық үкімет» порталы (egov.kz) арқылы, сондай-ақ e-Salyq Azamat және eGov mobile мобильді қосымшалары арқылы.
Бұдан басқа, декларацияны ұсына отырып, жеке тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасы болуы міндетті емес, өйткені бір реттік СМС парольдің көмегімен есептілікке қол қою мүмкіндігі іске асырылды.
«Табыс ету мерзімінің аяқталуына қарай, яғни 2021 жылғы 15 қыркүйекке қоса алғанда, декларацияны 497 283 адам немесе жалпыға бірдей декларациялаудың бірінші кезеңінің күтілетін декларанттар санының 103,4% - ы табыс етті», - деді спикер.
Қабылданған 512 мың декларацияның ішінде ең көп таралған өтінім беру тәсілі болып e-Salyq Azamat мобильдік қосымшасы табылады, оның көмегімен декларациялардың 54,3% ұсынылған.
«Салық төлеушінің кабинеті» және СОНО арқылы – 40,1%
«Электрондық үкімет» порталы арқылы – 5,5%.
Декларацияны қағаз тасығышта 414 адам немесе жалпы санының 0,1% ұсынды.