Жарияланған күні: 01.11.2021 17:10
Өзгертілген күні: 01.11.2021 17:01

Оңайлатылған декларация режимін қолданатын кәсіпкерлерге міндеттемелерді есептеу, декларацияны толтыру процесін оңайлату мүмкіндігі берілген, бұл жалдамалы қызметшілердің модулі. Кәсіпкер, кәсіпкердің өзі үшін де, оның қызметкерлері үшін де, сондай-ақ кәсіпкер табыс төлейтін жеке тұлғалар үшін де міндеттемелерді есептеу үшін қажетті деректерді (жұмысқа қабылдау күні, жалақы мөлшері, жеңілдіктерге құқығының болуы, қызметкер мәртебесі, АҚС шарты бойынша жеке тұлға) дербес көрсетеді. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жайдар Іңкәрбаев ҚР Президенті жанындағы ОКҚ брифингінде мәлімдеді.

Осы мәліметтер негізінде қосымша ай сайын төленуге тиісті міндеттемелерді анықтайды және қажет болған жағдайда жеңілдетілген декларацияның тиісті бөлімдерінде толтырады.

Мобильдік қосымшада кәсіпкерлік қызметті жеңілдетілген режимде тоқтату сервисі іске асырылды.

Қазір талқылау барысында, соның ішінде кәсіпкерлермен алынған ұсыныстар мен нақтылаулар бойынша салықтар мен әлеуметтік төлемдерді есептеу бөлігінде пысықтаулар жүргізілуде. Ескертулер мен ұсыныстар бойынша пысықталған «салық әмияны» модулінде оларды төлеу және берешекті өтеу сервистері тестіленуде.

Сондай-ақ, мобильдік қосымшаны пайдаланушылар туралы деректерді Салық төлеушінің кабинетіне және БСАЖ-ға беру сервистері тестіленеді, бұл мобильдік қосымшаға осындай кәсіпкерлер бойынша ақпараттық жүйеде қалыптастырылатын немесе «салық төлеушінің кабинетінде» орналастырылатын хабарламаларды нақты алуға мүмкіндіктер береді.