Жарияланған күні: 26.10.2021 15:15
Өзгертілген күні: 16.11.2021 11:57

Мониторингте тұрған 343 салық төлеуші ірі бизнес субъектілері болып табылады, оның ішінде 98 – жер қойнауын пайдаланушылар, 244 – экономиканың әр түрлі секторларындағы ірі салық төлеушілер, оларға мемлекеттік бюджетке 43,7% - және республикалық бюджетке 51% - дан астам салық түсімдер тиесілі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Мемлекеттік кірістер комитеті ірі салық төлеушілер департаментінің директоры Ануар Сүлейменов хабарлады.

Мәселен, ағымдағы жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша ірі бизнес субъектілерінен мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдер 1 270 млрд.теңгеге немесе 36%-ға ұлғайып, 3 302,3 млрд. теңгені құрады.

Республикалық бюджетке түсімдер 840,1 млрд.теңгеге немесе 50%-ға ұлғайып, 2 520,7 млрд. теңгені құрады.

Экономика секторлары бойынша түсімдердің барынша ұлғаюы мынадай:

- көтерме және бөлшек сауда 26%-ға немесе 274,8 млрд. теңгеге өсті;

- өңдеу өнеркәсібі 17,4%-ға немесе 184,8 млрд. теңгеге өсті;

- қаржы және сақтандыру қызметі, жылжымайтын мүлікпен операциялар 14,2%-ға немесе 151 млрд. теңгеге өсті;

- құбыржолы арқылы тасымалдау 38,7%-ға немесе 33 млрд.теңгеге өсті.

Түсімдердің ұлғаюы пандемиядан кейін экономиканы қалпына келтіру және салықтық әкімшілендіру сапасын жақсарту кезеңіне келді.

Әкімшілендіру сапасының жақсаруына тәуекелдерді бағалау жүйесі ақпараттық жүйесін пайдалана отырып, салықтық тексерулерді тағайындау әсер етті.

Осы жүйені қолдану тәуекел дәрежесін бағалау көрсеткіштері негізінде салықтық тексерулер үшін ірі бизнес субъектілерін нақты іріктеуге мүмкіндік берді, мұнда тексерулер тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатқызылған салық төлеушілерге қатысты тағайындалады.

Жалпы, 2021 жылғы 9 айда ірі салық төлеушілерді 34 салықтық тексеру аяқталды.

Жүргізілген тексерулердің нәтижесі бойынша 46,5 млрд.теңге салықтар мен өсімпұлдар қоса есептелді.