Жарияланған күні: 05.09.2023 16:26
Өзгертілген күні: 05.09.2023 17:26

2021 жылғы 19 сәуірде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің басшылары Еуразиялық экономикалық одақта тасымалдауды қадағалау үшін навигациялық пломбаларды қолдану туралы келісімді мақұлдады.

Еуразиялық экономикалық одақта тасымалдарды қадағалау үшін навигациялық пломбаларды қолдану туралы келісім Еуразиялық экономикалық одаққа мүше екі және одан да көп мемлекеттің аумағы бойынша халықаралық тасымалдауды қадағалау үшін навигациялық пломбаларды қолдануды реттейді (бұдан әрі – Келісім).

Келісімде автомобиль және темір жол көлік түрлерімен тауарларды тасымалдауды қадағалау үшін навигациялық пломбаларды қолдану көзделген, осыған байланысты, «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Қазақстан Республикасының заңына тиісті толықтыруларды енгізу және «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жекелеген нормаларының күші жойылды деп тануды, сондай-ақ «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексіне толықтыруларды енгізу қажет.

Заң жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған (https://legalacts.egov.kz/npa/view?pageComment=1&id=14680224, 2023 жылғы 22 тамызда).

Қаулы жобасын жария талқылауды өткізу мерзімі - 2023 жылғы 6 қыркүйекке дейін.