Жарияланған күні: 03.04.2023 11:02
Өзгертілген күні: 03.04.2023 11:04

Кедендік әкімшілендіруді жетілдіру шеңберінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘҚБтК) «Тауарларды, қолма-қол ақша қаражатын, ақша құралдарын декларацияламау немесе анық емес кедендік декларациялау, кедендік құжаттарда мәліметтерді анық емес мәлімдеу» 551-бабына түзетулер әзірленіп «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасына енгізілді. 

Түзетулер тауарларды, қолма-қол ақшаны, ақша құралдарын декларацияламау немесе жалған кедендік декларациялау, кеден құжаттарында жалған мәліметтерді көрсету бөлігінде кеден саласында жасалған бұзушылықтар үшін санкцияларды өзгертуді ұсынады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 748 бұйрығымен бекітілген Реттеушілік құралдардың және (немесе) талаптардың реттеушілік әсерін талдауды жүргізу және пайдалану қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес осы заң жобасы реттеуші құралдардың және (немесе) талаптардың реттеушілік әсерін талдауды (РӘТ) талап етеді.

Осыған байланысты осы Қағидалардың 18-тармағының 1) тармақшасын басшылыққа ала отырып,  2023 жылғы 5-сәуірде сағат 15.00-де талдау нәтижелерін қоғамдық талқылау өтетінін хабарлаймыз.

Осыған байланысты барлық мүдделі тараптарды ZOOM арқылы өтетін жоғарыда аталған талқылауға қатысуды сұраймыз.

Қатысушыларды тіркеу үшін байланыс телефоны - +7 776 513 52 59 Әбдіқалықов А.Қ.

Талқылау материалдары қатысуға өтінім жіберілгеннен кейін қатысушылардың электрондық мекенжайларына жіберіледі.