Жарияланған күні: 10.11.2022 21:08
Өзгертілген күні: 10.11.2022 21:12

Нурахаев Мақсат Екматқұлұлы ҚР Қаржы министрінің 2022 жылғы 10 қарашадағы №854-ж/қ бұйрығымен Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы лауазымына тағайындалды.

Нурахаев Мақсат Екматқұлұлы 1977 жылы Жамбыл облысы, Луговой ауылында туылды. Білімі бойынша - бухгалтер-экономист, экономист, магистр. Жамбыл зоотехникалық малдәрігерлік техникумын, Қазақ мемлекеттік басқару академиясын және РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы академиясын бітірді.

Еңбек жолын 1997 жылы Жамбыл облысының Қулан әкімшілігінің салық бойынша маманы болып бастады.

1999 жылғы қыркүйектен Алматы қаласы бойынша Салық комитетінің Салық төлеушілермен жұмыс басқармасының шағын бизнес және декларациялау бөлімінің салық инспекторы.

2000 жылғы мамырдан Алматы қаласы Алмалы ауданы бойынша Салық комитетінің түрлі бөлімдерде салық инспекторы, жетекші маман, бас маман қызметтерін атқарған.

2006 жылғы қаңтардан Медеу ауданы бойынша Салық комитетінің ұйымдастырушылық кадр жұмысы және құжат айналым бөлімінің бастығы, Семей қаласы Салық комитетінің жанама салықтар бөлімінің акциздерін әкімшілендіру секторының бастығы, жеке кәсіпкерлермен жұмыс бөлімі секторының бастығы болып жұмыс істеді.

2007 жылғы ақпаннан ШҚО бойынша Салық комитеті ҚҚС әкімшілендіру басқармасының бастығы.

2008 жылғы тамыздан Алматы қаласы бойынша Салық департаментінде әкімшілендіру басқармасының басшысы, салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің басшысы, Кеден одағы шеңберінде жанама салықтарын әкімшілендіру басқармасының бастығы, ҚҚС әкімшілендіру басқармасының басшысы.

2013 жылғы шілдеден Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша салық басқармасы басшысының орынбасары, Түрксіб ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары.

2015 жылғы ақпаннан Алматы қаласы бойынша МКД Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының басшысы, Алматы қаласы бойынша Медеу ауданы бойынша МКБ басшысы.

2019 жылғы маусымнан Батыс Қазақстан облысы бойынша МКД басшысының орынбасары. 

2020 жылғы қыркүйектен бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары болып қызмет атқарды.