Жарияланған күні: 05.05.2021 14:24
Өзгертілген күні: 05.05.2021 14:25

«Пост-кедендік бақылау. Тиісті сақтық»

тақырыбындағы ұлттық вебинар

(26-30 сәуір 2021 жыл)

 

2021 жылғы 26-30 сәуір аралығында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығы Дүниежүзілік кеден ұйымының қолдауымен ҚР ҚМ МКК орталық аппаратының кеден және салық қызметтері, сондай-ақ ҚР ҚМ МКК өңірлік департаменттері өкілдерінің қатысуымен «Пост-кедендік бақылау. Тиісті сақтық» тақырыбындағы ұлттық вебинар өткізді.

Сондай-ақ, GIZ Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі герман қоғамының қаржылық қолдауымен вебинардың презентациялық материалдары ағылшын тілінен орыс тіліне және орыс тілінен ағылшын тіліне аударылды.

Халықаралық вебинардың жұмысы Дүниежүзілік кеден ұйымы Хатшылығының техникалық атташесі Шинго Танагами мырзаның, ҚР ҚМ МКК Әдіснама департаменті Тауарларды шығарғаннан кейін кедендік бақылау басқармасының басшысы Абдулов Нұрболат Сағидоллаұлы мырзаның және Дүниежүзілік кеден ұйымының (ДКҰ) Еуропалық өңірінің Институционалдық даму өңірлік кеңсесінің (ИДӨК) директоры Эсер Ченгел мырзаның құттықтау сөздерінен басталды.

Вебинар орыс тіліне аударуды жүзеге асырған ілеспе аудармашыларды тарта отырып, «ZOOM» платформасы арқылы ағылшын тілінде өткізілді. Осы іс-шараны өткізу үшін «ZOOM» платформасын Баку қаласындағы ДКҰ ИДӨК ұсынды.

Вебинарды өткізудің мақсаты - тыңдаушыларды ДКҰ-ның Пост-кедендік бақылау тұжырымдамасы (ПКБ), ПКБ-дың сәйкестік жүйесі, саясаты және басқаруы, сондай-ақ салықтық тексерулер жүргізу кезінде «тиісті сақтық» қағидаты бойынша материалдармен таныстыру.

Вебинардың дәріскерлері ретінде ДКҰ сарапшылары Пэйшенс Мухамамбали Мвилу Сиамэ ханым, Райнер Неппл мырза, Шинго Танагами мырза сөз сөйледі. Қазақстан тарапынан «Қазақстан Республикасындағы пост-кедендік бақылау» және «Қазақстан Республикасындағы уәкілетті экономикалық операторлар институты» тақырыптары бойынша баяндамалар ұсынылды.

Вебинар барысында ДКҰ-ның ПКБ тұжырымдамасы, Германия, Замбия мысалында ПКБ саласындағы халықаралық тәжірибе және Германия, Замбия және Жапония мысалында таргетинг (салықтық тексеру объектілерін анықтау) бойынша халықаралық тәжірибе мәселелері қаралды.

Вебинар қатысушылар үшін өте пайдалы болды, өйткені ол кедендік және салықтық бағыттарды қамтыды, сарапшылар ПКБ қолдану тәжірибесі мен тәжірибесімен алмасты, ұсынылған халықаралық тәжірибені тыңдаушылардың жұмыс қызметінде қолданылатын білім мен дағдыларды жетілдіру үшін пайдалануға болады.