
Құрметті Салық төлеушілер!
ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті «Салық төлеуші кабинеті» web-қосымшасы» арқылы жіберілетін ЕШЕБЖ-дан (ҚР ЕХӘҚМ) хабарламалар салық төлеушінің тәуекел деңгейін айқындауға әсер етпейтініне, өйткені олардың көзі Мемлекеттік кірістер органдары болып табылмайтынына Сіздің назарыңызды аударады.
Дегенмен, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараты бойынша, аталған хабарламалар ақпараттық сипатқа ие.
Барлық туындаған сұрақтар бойынша сіздің аймағыңыздың мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасына немесе Call-center 1414 (4 тоналды батырма) хабарласуыңыз қажет.