
«Тауарларды жою нәтижесінде пайда болған қалдықтарды одан әрі коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз деп тану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 28 маусымдағы № 391 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» ҚР Үкіметі қаулысының жобасы (бұдан әрі - Қаулы жобасы) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының әкімшілік реформасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 16 наурыздағы Заңын іске асыру бойынша жүргізілетін іс-шаралар шеңберінде жоғары деңгейдегі нормативтік құқықтық актілерге сәйкессіздігі бойынша ҚР Премьер-Министрінің 2023 жылғы 1 маусымдағы №90-ө өкімінің 210-тармағын орындау мақсатында әзірленді.
Осыған байланысты, «Тауарларды жою нәтижесінде пайда болған қалдықтарды одан әрі коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз деп тану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 28 маусымдағы № 391 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» ҚР Үкіметі қаулысын қарастырып, ҚР Қаржы министрлігіне «Тауарларды жою нәтижесінде пайда болған қалдықтарды одан әрі коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз деп тану қағидаларын бекіту туралы» бұйрықтың жобасын әзірлеу тапсырылды.
Қаулы жобасының мақсаты функцияны Үкімет деңгейінен уәкілетті органға беру бөлігінде мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді орталықсыздандыруға байланысты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 28 маусымдағы № 391 қаулысының және оған енгізілген өзгерістердің күші жойылды деп тану болып табылады.
Бұйрықтың жобасы 2023 жылғы 5 маусымда ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14597045 орналастырылды.