Жарияланған күні: 20.05.2021 12:37
Өзгертілген күні: 20.05.2021 12:39

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

 

Жалпыға бірдей декларациялау мәселелері бойынша онлайн-бейнеконференция өтті

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті 2021 жылғы 19 мамырда YouTube арнасында жалпыға бірдей декларациялау мәселелері бойынша Онлайн-бейнеконференциясын өткізді. Баяндама жасаған – мемлекеттік көрсетілетін қызмет департаментінің Жалпыға бірдей декларациялау басқармасының басшысы Дина Құсаинова. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бейнеконференция барысында жалпыға бірдей декларациялауды енгізудің мақсаттары мен міндеттері айтылды. Слайд көрсету арқылы нормативтік база, декларацияның тапсыру тәсілдері және жалпы жаңалық туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Айтып өтетін жайт, Қазақстан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасында жалпыға бірдей декларациялауға енгізген бірінші мемлекет болып табылады, бұл ретте жалпыға бірдей декларациялаудың халықаралық тәжірибесі 100 жылдан астам уақыт бойы бар.

Сонымен қатар, әр түрлі жағдайларды қарастырып шешу мақсатында бейнеконференцияның негізгі уақыты көрермендердің сұрақ-жауаптарына бөлінді. Тікелей эфирде салық төлеушілердің барлық өзекті сұрақтарына жауап берілді.

Онлайн-бейнеконференция мына сілтеме бойынша қол жетімді:

https://youtu.be/l1A7syF7FJ4

 

Статистика қандай?

Жалпы, 2021 жылғы 17 мамырдағы жағдай бойынша декларациялаудың бірінші кезеңі шеңберінде 461 мыңнан астам адам салық декларациясын ұсынған. Бұл жоспарланған көрсеткіштің 95,9% құрайды.

 

Декларация тапсыру мерзімдері қандай?

Қағаз тасығышта декларация 2021 жылғы 15 шілдеден кешіктірілмей мемлекеттік кірістер органдарына не ХҚКО-ға келу тәртібімен ұсынылады.

Декларацияны электронды түрде 2021 жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірмей салық төлеушінің кабинеті арқылы (cabinet.salyk.kz), «электрондық үкімет» порталы (egov.kz), сондай-ақ «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы арқылы ұсынуға болады.

 

Ақпаратты қайдан алуға болады?

Жалпыға бірдей декларациялау мәселелерін түсіндіру үшін бірыңғай республикалық нөмір 1414 платформасында салық және кеден мәселелері жөніндегі байланыс орталығы іске қосылды.

Одан бөлек, әлеуметтік желілерінің көмегімен (Instagram, Facebook, Telegram) үлкен жұмыс атқарылуда.

Сонымен қатар, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің порталында (kgd.gov.kz) жалпыға бірдей декларациялау бойынша барлық материалдар орналастырылды, сондай-ақ активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну бойынша бейне нұсқаулықтар бар.