Жарияланған күні: 26.10.2021 15:19
Өзгертілген күні: 16.11.2021 11:47

Жер қойнауын пайдаланушылар республикалық бюджеттің 35% және Ұлттық қордың 99,9% дейінгі түсімдерді қамтамасыз етеді, яғни елдің негізгі донорларының бірі болып табылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Мемлекеттік кірістер комитеті ірі салық төлеушілер департаментінің директоры Ануар Сүлейменов хабарлады.

Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салудың ерекшелігі әлемде де, біздің мемлекетімізде де өте ерекше, ал өнімді бөлу туралы Келісімдер бойынша мұндай Келісімдер жасалған күнге салық режимінің тұрақтылығы толығымен қамтамасыз етілген.

Бұл ретте жер қойнауын пайдаланушылардың салық заңнамасын бұзуы, негізінен мыналардан тұратынын атап өту маңызды:

1) көп сатылы құрылымдалып әзірленген күрделі схемалар;

2) Салық кодексінің нормаларын өз пайдасына ерікті түрде түсіндіру арқылы салық салудан жалтару әрекеттеріне тыйым салынады.

Бұл бұзушылықтар оларды басқа салық төлеушілерден өте ерекшелендіреді, оларда бұзушылықтар негізінен күмәнді кәсіпорындармен өзара әрекеттесулерден турады.

Осыған байланысты, жер қойнауын пайдаланушылардың салықтық мониторингі мен салықтық тексерулері үшін қарқынды тәсіл таңдап алынды, яғни сандық талдаудан сапалық талдауға тұрақты орын ауыстырылуда, бұл ретте салықтық бақылау құралдарының кең спектрі пайдаланылады, ол мыналарды қамтиды:

1)      кәсіпорынның өндірістік процесін мұқият зерттеу;

2)      салалық және халықаралық уәкілетті органдармен тығыз өзара іс-қимыл;

3)      жер қойнауын пайдаланушыларға арналған келісімшарттарды және өндірістік есептерді талдау;

4)      қаржылық есептілікті талдау;

5)      кен орнын игерудің ұқсас шарттары бар жер қойнауын пайдаланушылармен қаржылық көрсеткіштер мен келтірілген шығындарды салыстыру;

6)      тәуекел операцияларын анықтау мәніне БАҚ тұрақты мониторингі;

7)      және көптеген тағы басқалары.

Бұл тәсіл күштерді дұрыс бағытта шоғырландыруға мүмкіндік береді, бұл өзінің оң нәтижелерін береді. Мысалы: осы шаралардың нәтижесінде 2021 жылдың өзінде ғана Мемлекеттік кірістер комитетіне бюджетке қосымша резервтердің 100 млрд. теңгесіне жуығын табуға (ерікті аванстық төлемдерді есепке алмағанның өзінде) мүмкіндік берді.