Жарияланған күні: 30.09.2021 16:39
Өзгертілген күні: 16.11.2021 15:42

Активтер мен міндеттемелер туралы декларациядан кейін келесі жылдары жеке тұлғалардың күнтізбелік жыл ішінде, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде алынған кірістері туралы ақпаратты көрсетуге, сондай-ақ мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде  мүлікті сатып алуға немесе иеліктен шығаруға арналған кірістері мен мүлкі туралы декларация табыс етіледі. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жайдар Іңкәрбаев мәлімдеді.

Бұдан басқа, кірістер мен мүлік туралы декларацияда жеке тұлғалар есепті салық кезеңі ішінде жылжымайтын мүлікті, механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін, заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесін, бағалы қағаздарды, инвестициялық алтынды, туынды қаржы құралдарын, тұрғын үй құрылысына қатысу үлесін сатып алуға арналған шығыстарды жабу көздері туралы мәліметтерді көрсетуі қажет.

Бұл ретте жыл сайынғы декларацияны тапсыру бойынша міндеттеме жүктелетін жеке тұлғалардың нақты тізбесі белгіленді.

Активтер қозғалысы болмаған және жеке тұлға дербес салық салуға жататын кірістер алынған, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі кірістер мен активтер болмаған жағдайда жыл сайынғы декларацияны ұсыну бойынша міндеттеме алып тасталады.

«Бұл жыл сайын декларацияны тапсыруға міндетті декларанттардың санын 12,9 млн.адамнан 3,5 млн. адамға дейін 3,7 есе азайтуға мүмкіндік береді», - деп атап өтті Ж. Іңкәрбаев.