Date of publication: 01.02.2022 12:19
Date of changing: 01.02.2022 12:22

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, кедендік тексеру жүргізу барысында 10 700 АҚШ доллары көлемінде қолма-қол ақша қаражаты табылғанын хабарлайды. 31 қаңтарда кедендік бақылау кезінде Ақтау – Дубай халықаралық рейсін ресімдеу барысында 1987 жылы туған Қазақстан Республикасының азаматынан 10 700 доллар мөлшерінде декларацияланбаған ақша қаражаты табылды.

Азамат ақша қаражатын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы жолаушылар кедендік декларациясында декларациясыз өткізген. Ұсталған азаматтың айтуынша, жалпы сомасы 10000 АҚШ доллары баламасынан асатын қолма-қол ақша қаражатын кедендік декларациялау қажеттілігі туралы ол білмеген, сондықтан ол кедендік декларацияны толтырмаған.

Азаматқа қатысты 551-баптың 3-бөлігі "жеке тұлғалардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін және жазбаша декларациялауға жататын ақша қаражаты мен ақша құралдарын Декларацияламауы не дұрыс декларацияламауы" бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды және 10 АЕК сомасында айыппұл салынды. Ақша иесіне қайтарылды.

"Әуежай-Ақтау" кеден бекетінің басшысы Мұрат Байғебаев атап өткендей: "Жыл басынан бері кеден бекетімен кедендік заңнаманы бұза отырып, жеке тұлғалардың қолма-қол ақша қаражатын әкетуінің 2 фактісі анықталды, олар бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды. Жолаушыларға ЕАЭО кедендік шекарасынан өткен кезде валютаны ауыстыру ережелерін сақтау қажеттілігі туралы ескертеміз".

АНЫҚТАМА:

- Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» кодексінің 343-бабының 1-тармағы 7) тармақшасында белгіленгендей, егер Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына бір уақытта әкелу немесе Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан бір уақытта әкету кезінде мұндай қолма-қол ақша қаражатының және (немесе) жол чектерінің жалпы сомасы кеден органына жолаушыларға арналған кедендік декларацияны ұсынған күнге қолданыста болатын валюта бағамы бойынша он мың АҚШ долларына баламалы сомадан асып кетсе, қолма-қол ақша қаражаты және (немесе) жол чектері кедендік декларациялауға жатады.

Сонымен қатар Еуразиялық экономикалық одақ Алқасының 2019 жылғы 6 тамыздағы №130 «Ақша құралдарын және (немесе) ақша құралдарын растайтын құжаттарды ұсыну туралы» шешімімен, егер Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына бір уақытта әкелу немесе Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан бір уақытта әкету кезінде мұндай қолма-қол ақша қаражатының және (немесе) ақша қаражаттарының жалпы сомасы кеден органына жолаушыларға арналған кедендік декларацияны ұсынған күнге қолданыста болатын валюта бағамы бойынша 100 он мың АҚШ долларына баламалы сомадан асып кетсе онда ақша құралдарын және (немесе) ақша құралдарын растайтын құжаттарды ұсынумен жолаушылар кедендік декларациясымен алып жүру белгіленген. Бұл шешім 2020 жылғы 3 ақпанда күшіне енді.