Date of publication: 20.02.2015 13:04
Date of changing: 05.10.2017 15:32

Салықтық өтініштердің нысандарын бекіту туралы

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 75-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған салықтық өтініштердің нысандары бекітілсін:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес құжаттық тексеру жүргізу туралы;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес қызметті тоқтату туралы;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес салық төлеушінің (салық агентінің) салық есептілігін кері қайтарып алу туралы;

4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы;

5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық шарттың негізінде төленген табыс салығын бюджеттен немесе шартты банк салымынан қайтаруға;

6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес салық резиденттігін растауды алуға;

7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстардың және ұсталған (төленген) салықтардың сомалары туралы анықтаманы алуға;

8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес тіркеу есебіне қою туралы; (2015 жылғы 18 желтоқсандағы №660 бұйырықпен өзгерістер енгізілген)

9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес тіркеу есебінен шығару туралы;

10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес дара кәсіпкерді, жеке нотариусты, жеке сот орындаушысын, адвокатты, кәсіби медиаторды тіркеу есебі туралы; (2016 жылғы 28 қарашадағы №618 бұйырықпен өзгерістер енгізілген)

11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебі туралы (2017 жылғы 29 наурыздағы №200 бұйырықпен өзгерістер енгізілген);

12) осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес электрондық салық төлеушінің тіркеу есебі туралы;

13) ҚР Қаржы министрінің 2016.29.12. № 700 бұйрығымен алып тасталды;

14) ҚР Қаржы министрінің 2016.29.12. № 700 бұйрығымен алып тасталды;

15) ҚР Қаржы министрінің м.а. 2016.14.07. № 371 бұйрығымен алып тасталды;

16) осы бұйрыққа 16-қосымшаға сәйкес ойын бизнесі қызметін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебі туралы;

17) осы бұйрыққа 17-қосымшаға сәйкес ұтыссыз ойын автоматтарын, ойынға арналған жеке компьютерлерді, ойын жолдарын, карталарды, бильярд үстелдерін пайдалана отырып көрсетілетін қызметтер - қызметін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебі туралы;

18) осы бұйрыққа 18-қосымшаға сәйкес  грант қаражаттары есебінен сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша төленген қосылған құн салығын қайтару туралы;

19) осы бұйрыққа 19-қосымшаға сәйкес салық міндеттемесін, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстау және аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу бойынша міндеттемелерді орындау бойынша бюджетпен есеп айырысудың жай-күйі туралы жеке шоттан үзінді көшірме алуға;

20) осы бұйрыққа 20-қосымшаға сәйкес салықтарды, басқа да міндетті төлемдерді, кедендік төлемдерді, өсімпұлдар мен айыппұлдарды есепке жатқызу және (немесе) қайтару жүргізуге;

21) осы бұйрыққа 21-қосымшаға сәйкес бақылау-касса машинасын салық органдарында есепке қою туралы;

22) осы бұйрыққа 22-қосымшаға сәйкес бақылау-касса машинасын есептен шығару туралы;

23) осы бұйрыққа 23-қосымшаға сәйкес бақылау-касса машинасын пайдалану кезінде туындайтын міндеттемелердің орындалуы туралы;

24) осы бұйрыққа 24-қосымшаға сәйкес бақылау-касса машинасының моделін мемлекеттік тізілімге енгізу туралы;

25) осы бұйрыққа 25-қосымшаға сәйкес акцизделетін тауарларды өндіру, жинау (жинақтау) жөніндегі қызметті жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебі туралы.