Date of publication: 17.11.2016 16:27
Date of changing: 01.03.2019 17:02

"Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексімен көзделген өтініштер нысанын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 659 бұйрығы.

«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 27, 35, 41, 48, 55, 63, 80, 84, 91, 135, 152, 261, 439-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған өтініштер нысанын бекіту:

1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес кеден өкілдерінің тізіліміне енгізу туралы;

2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес кедендік тасымалдаушылар тізіліміне енгізу туралы;

3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы;

4) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы;

5) осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізу туралы;

6) осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін беру туралы;

7) осы бұйрықтың 7-қосымшасына сәйкес тауарлар жіктелімі бойынша алдын ала шешімдер қабылдау туралы;

8) осы бұйрықтың 8-қосымшасына сәйкес тауарды құрастырылмаған немесе жиналмаған түрде, оның ішінде белгілі бір уақыт кезеңі ішінде әртүрлі партиялармен әкелу көзделген жинақталмаған немесе аяқталмаған түрде жіктеу туралы шешімді беру туралы;

9) осы бұйрықтың 9-қосымшасына сәйкес преференциалдық және преференциалдық емес режимдердіқолдану кезінде тауар шығарылған елді айқындауға қатысты алдын ала шешімдер қабылдау туралы;

10) осы бұйрықтың 10-қосымшасына сәйкес кедендік баждарды төлеу мерзімін кейінге қалдыруды немесе бөліп-бөліп төлеуді ұсыну туралы;

11) осы бұйрықтың 11-қосымшасына сәйкес кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді тіркеу туралы;

12) осы бұйрықтың 12-қосымшасына сәйкес жекеменшік тауарларды сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу туралы;

13) осы бұйрықтың 13-қосымшасына сәйкес зияткерлік меншік обьектілерінің құқығын қорғау туралы.