Date of publication: 01.02.2022 17:56
Date of changing: 01.02.2022 18:03

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару, екінші деңгейдегі банктердің кепілдік саясатын, бағалау қызметін реттеуді және атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен «Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 
13-бабының 2-тармағында акциз маркалары термині сәйкестендіру құрылғыларына ауыстырылды. 

Аталған норма 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енді.

Сәйкестендіру құрылғылары – бұл штрих код түрінде ұсынылған немесе радиожиілік белгісіне жазылған немесе автоматты түрде сәйкестендірудің өзге құралы (технологиясы) пайдаланыла отырып ұсынылған, машинамен оқылатын нысандағы символдардың бірегей тізбегі (Қазақстан Республикасы «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының
1-бабының 31) тармақшасы).

Өз кезегінде, темекі өнімдерін таңбалау өндірілген сәттен бастап, импорт қоса алғанда, қадағалау мүмкіндігін береді. Осындай таңбалаудық арқасында тұтынушыларға сатып алынатын тауарлар туралы толық ақпарат алуға мүмкіндік берілді.

Осылайша, акциз маркалары алынып тасталуына байланысты, 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап темекі өнімдері тек қана сәйкестендіру құрылғыларымен таңбаланады.

««Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың кейбiр мәселелерi» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы (бұдан әрі – Қаулының жобасы) «Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының  13-бабының 2-тармағымен сәйкестендіру мақсатында әзірленді.   

Қаулы жобасы ашық нормативтік-құқықтық актілер
интернет-порталында орналастырылған (https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id = 1948651&type=2).