Date of publication: 01.02.2022 18:17
Date of changing: 01.02.2022 18:28

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару, екінші деңгейдегі банктердің кепілдік саясатын, бағалау қызметін реттеуді және атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының  3-1-бабының 5-1) тармақшасы тауар шығарылған жердің атауы қорғалған арақтар, коньяк және бренди сөздерімен толықтырылды.

Аталған норма 2022 жылғы 1 наурыздан бастап күшіне енеді.

Осыған байланысты, тауар шығарылған жердің қорғалған атауы бар арақтың бір литрі үшін 1 980 теңге мөлшерінде, коньяк пен брендидің бір литрі үшін 2 930 теңге мөлшерінде ең төменгі бөлшек сауда бағалары белгіленеді.

««Арақтарға және айрықша арақтарға, күштілігі жоғары                  ликер-арақ бұйымдарына ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы № 187 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы (бұдан әрі – Қаулының жобасы) «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-1-бабы 5-1) тармақшасымен сәйкестендіру мақсатында әзірленді.    

Жариялы талқылау үшін Қаулы жобасы «Ашық НҚА»
интернет-порталында орналастырылған (https://legalacts.egov.kz/npa/ view?id=13970562).