Date of publication: 02.02.2022 17:06
Date of changing: 02.02.2022 17:21

АҢДАТПА!

1C Қазақстан, 01.01.2022 ж. бастап ҚР Салық кодексіндегі өзгерістерді түсіндіру бойынша  бухгалтерлер мен басшыларға арналған "1С" XI форумына шақырады.

Күні: 2022 жылғы 10 ақпан, сағат 10.00 (бейсенбі)

Кездесуде спикерлер 2022 жылғы салық заңнамасындағы өзгерістерге қысқаша шолу жасайды. Тауарлар айналымының қадағалануы туралы, тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды (ТІЖ) енгізу туралы, ұтқыр аударымдар мен ұтқыр төлемдер туралы айтып береді. "Е–Salyq Business" мобильді қосымшасын пайдалана отырып, арнайы салық режимін енгізу мәселелері қаралады.

Кездесуге қатысушылар:

-  Джетибаева Алия Муратхановна-ҚР ҚМ МКК әдіснама департаментінің директоры

- Мұстафин Ержан Маратұлы-цифрландыру департаменті толассыз мониторинг басқармасының басшысы

- Ержанов Шәкен Дүйсембекұлы - мемлекеттік қызметтер Департаменті басқарма басшысы орынбасарының м. а.

- Смағұлова Гүлмира Әмірғалиқызы-өндірістік емес төлемдерді, жеке тұлғалар мен АСР әкімшілендіру департаменті АСР әкімшілендіру және жеке тұлғалардың кәсіпкерлік қызметі басқармасының басшысы

Instagram әлеуметтік желісінде «1C Қазақстан» ресми парақшасындағы сілтеме бойынша тіркеле аласыз. Құны: Тегін!