Date of publication: 03.02.2022 10:29
Date of changing: 03.02.2022 10:31

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жалған түбіртектерді жасауға болатыны туралы алып-қашпа хабарламалар таратылып жүр. Осыған орай Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде бақылау-касса машинасы түбіртегінің заңдылығын тексеру мүмгіндігін бар екендігін хабарлады.

Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 166-бабының 1-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында ақшалай есеп айырысулар бақылау-касса машиналары мiндеттi түрде қолданыла отырып жүргiзiледi. Бақылау-касса машиналарының модельдері мемлекеттік тізілімге енгізіледі және олардың деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар.

Өз кезегінде Салық кодексінің 166-бабы 5-тармағының 2-тармақшасына сәйкес, тауар, жұмыс, көрсетiлетiн қызмет үшін төленген сомаға бақылау-касса машинасының түбіртегін немесе тауар чегін беру жүзеге асырылады.

Қазіргі таңда, https://consumer.oofd.kz/ сілтемесі бойынша фискалдық деректер операторларының, https://kgd.gov.kz/ru/services/kkm_check сілтемесі бойынша ҚР ҚМ МКК ресми сайтында және https://egov.kz/wps/portal/paymentSearch сілтемесі бойынша «электрондық үкімет» порталында берілген бақылау-касса машинасы түбіртегінің заңдылығын тексеру мүмгіндігін бар.