Date of publication: 10.02.2022 09:52
Date of changing: 10.02.2022 10:08

ПРЕСС-РЕЛИЗ
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына

«Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына 2014 жылғы           29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа электрондық нысанда қызметтер көрсету кезінде жанама салықтарды өндіріп алу тәртібін айқындау бөлігінде өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы ұсыныс енгізу туралы»

 

 

«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы»Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 30 мамырдағы № 54 Заңының 5                      бабы 2 тармағына сәйкес «Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына 2014 жылғы  29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа электрондық нысанда қызметтер көрсету кезінде жанама салықтарды өндіріп алу тәртібін айқындау бөлігінде өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы ұсыныс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы.

Қаулы жобасы ЕАЭО туралы шартқа электрондық нысанда қызметтер көрсету кезінде ҚҚС өндіріп алу бөлігінде өзгерістер енгізу, сондай-ақ құқық қолдану практикасы барысында анықталған салық салу мәселелерін құқықтық реттеудегі олқылықтарды жою және Тауарлардың экспорты мен импорты, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету кезінде жанама салықтарды өндіріп алу тәртібі және олардың төленуін бақылау тетігі туралы хаттаманың кейбір ережелерін техникалық түзету болып табылады (ЕАЭО туралы шартқа 18-қосымша) мақсатында әзірленді.

Қаулы жобасы 2022 жылы 9 ақпанда  ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жария орналастырылған. (https://legalacts.egov.kz.).  Қаулы жобасын жария талқылауды өткізу мерзімі 2022 жылы 23 ақпанға дейін.