Date of publication: 03.03.2022 11:22
Date of changing: 03.03.2022 11:29

АҢДАТПА!

«Қазақстан Республикасының аумағына үшінші елдерден уақытша әкелінген жеке пайдалануға арналған шетелдік көліктер» тақырыбында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің тікелей эфирдегі вебинары

2022 жылғы 3 наурыз күні сағат 16:00-де ҚР ҚМ МКК YouTube арнасында тікелей эфирде (kgd.gov.kz) «Қазақстан Республикасының аумағына үшінші елдерден уақытша әкелінген жеке пайдалануға арналған шетелдік көліктер» тақырыбында вебинар өтеді.

Спикер ретінде ҚР ҚМ МКК Сауда емес айналымы басқармасының бас сарапшысы Намысов Нурлан Абдижаппарович сөз сөйлейді.

Кездесу соңында ҚР ҚМ МКК өкілі тікелей эфир тақырыбы бойынша сұрақтарға жауап береді.

Тікелей эфирді өткізіп алмау үшін ҚР ҚМ МКК-нің YouTube арнасына жазылып, тікелей эфирлер туралы хабарлама келетіндей күйге келтіру қажет. Арнаға мына сілтеме бойынша жазылуға болады: https://youtube.com/user/salykgovkz