Date of publication: 05.03.2022 12:34
Date of changing: 05.03.2022 12:35

«Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 39 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қаржы министрінің бұйрығының жобасына пресс-релиз

 

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында «Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы
№ 39 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрі бұйрығының жобасын әзірледі. Осы бұйрық жобасына 2021 жылға арналған 101.03, 328.00, 180.00, 240.00, 910.00, 920.00, 2022 жылға арналған 300.00, 400.00, 421.00, 570.00, 590.00, 851.00, 870.00, 920.00 салықтық есептілігі нысандарына және оларды жасау қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

Осы бұйрық ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына орналастырылған https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14021931 03.03.2022 жыл.