Date of publication: 05.03.2022 16:50
Date of changing: 05.03.2022 17:07

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

 

Қате қалыптастырылған хабарламалар кері қайтарылады

 

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы Салық Кодексінің 95-бабына сәйкес тұрақты негізде камералдық бақылау жүргізеді.

Мәселен, 2021 жылдың соңында пилоттық режимде өткізілген тауарлар бойынша шығыстарды және ЭШФ деректерін салыстыру арқылы өткізуді төмендету фактілері бойынша 2018 жылға камералдық бақылаудың автоматтандырылған іске қосылуы жүргізілді.

Камералдық бақылаудың мақсаты сатылған тауарлар бойынша шығыстарды және ЭШФ деректерін салыстыру арқылы өткізуді төмендету фактілерін анықтау, яғни кіріс алумен байланысты шығыстарды (тауардың өзіндік құны) шегерімге заңды түрде жатқызу болып табылады.

Серверлік қуаттарға жоғары жүктеменің салдарынан техникалық іркіліс бойынша камералдық бақылауды автоматтандырылған іске қосу барысында бірқатар хабарламалар дұрыс қалыптастырылмаған.

Қазіргі уақытта қате қалыптастырылған хабарламаларды қайта тексеру және кері қайтарып алу бойынша жұмыстар жүргізілуде.