Date of publication: 11.03.2022 12:15
Date of changing: 11.03.2022 12:32

«Мемлекеттік кірістер органының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңымен осындай міндет жүктелген адамдар тапсыру күні мен мемлекеттік кірістер органының кодын көрсете отырып, тапсырған кірістер мен мүлік туралы декларациялар туралы мәліметтерді уәкілетті мемлекеттік органдарға ұсыну қағидаларын бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы

16 ақпандағы № 220 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы министрі бұйрығының жобасына

ПРЕСС-РЕЛИЗ

 

«Мемлекеттік кірістер органының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңымен осындай міндет жүктелген адамдар тапсыру күні мен мемлекеттік кірістер органының кодын көрсете отырып, тапсырған кірістер мен мүлік туралы декларациялар туралы мәліметтерді уәкілетті мемлекеттік органдарға ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 220 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы министрі бұйрығының жобасы (бұдан әрі – Бұйрықтың жобасы) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 30-бабы 3-тармағының     14) тармақшасына сәйкес әзірленді.

Бұйрықтың жобасында «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 25-бабының 5-тармағына сәйкес келтіру мақсатында, оған сәйкес заңнамалық актігі сілтеме жасау кезінде оның тіркелген нөмірі, сондай-ақ қабылданған күнін көрсету талап етілмейтіні көзделген.

Бұйрықтың жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14024283) орналастырылған.