Date of publication: 11.03.2022 18:04
Date of changing: 11.03.2022 18:05

 

2020 жылдың мамыр айында БҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті экспорттық бақылау қызметкерлері "Сырым" автомобиль өткізу пунктінде мемлекеттік шекараны кесіп өту кезінде 10-нан астам атауы бар декларацияланбаған тауарлары бар 15 жүк көлігін ұстады.

ҚР Алматы қаласынан РФ-ның Пенза облысы бағытында экспорт жасаған «SERTTRANS» ЖШС-нің ұсталған тауардың жалпы құны 1 млрд 003 млн теңгені  және жалпы салмағы 263 000 келіні құрады.

Жүк көліктерінің бөліктерін тексеру кезінде тауарлық-ілеспе құжаттарынсыз әкетуге тыйым салынған қосымша дәрілік заттар, антисептиктер, жеке қорғану құралдары табылды.

Бұдан басқа, тасымалдаушы халықаралық үлгідегі CMR тауар – көлік жүк құжаттарын ұсынды, онда жүкті жөнелтуші "SERTTRANS" ЖШС болып көрсетілген, олар ЭШФ АЖ жүйесінде болмаған.

Іс жүргізу барысында "SERTTRANS" ЖШС-нің ұсталған тауарға қатысы жоқ екені анықталды, сонымен қатар аталған заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу Алматы қ. МАЭС-тің 13.07.2020 жылғы шешімімен жарамсыз деп танылды.

Алайда, үшінші тұлғалар тарапынан жасалған тасымалдау шарты мен сатып алу-сату шартының болуын уәждей отырып, ұсталған тауарға меншік құқығын мәлімдеу әрекеті жүзеге асырылды.

Осыған байланысты, БҚО және Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменттері бірлесіп аталған шарттарды жарамсыз деп танылды, сот актілері заңды күшіне енді.

Бұдан әрі, Департамент үшінші тұлғалардың сот актілерімен орын алған талаптарды алып тастай отырып, Орал қаласының №2 сотына ұсталған тауарды иесіз деп тану және оны мемлекет кірісіне айналдыру туралы өтінішпен жүгінді.

Жоғарыда көрсетілген соттың 2022 жылғы 22 ақпандағы шешімімен Департаменттің мәлімделген талаптары толық көлемде қанағаттандырылды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.