Date of publication: 12.03.2022 21:45
Date of changing: 12.03.2022 21:47

Мемлекеттік кірістер комитеті «Халық үніне құлақ асатын Мемлекет» тұжырымдамасын және Мемлекет басшысының мемлекеттің басты міндеті ретінде әл-ауқат пен өмір сүру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын іске асыру мақсатында мемлекеттік кірістер басқармаларының 223-і арасында «Қызмет көрсету орталығының үздік қызметкері» атағына ай сайынғы конкурс өткізуді бастайды.

Конкурс аумақтық мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлеріне жасырын қоңырау шалу арқылы өткізіледі және бірнеше критерийлерді қамтиды:

  • Дербес деректерді ұсына отырып, салық төлеушінің корпоративтік сәлемдесуі,
  • Берілген сұраққа толық және дұрыс кеңес беру,
  • Қарсылықтарға, салық төлеушінің даулы мәселелеріне барабар жауап бере білу.

Аталған конкурс қызмет көрсету орталықтары қызметкерлерінің қызмет көрсету нәтижесіне объективті баға алуға бағытталған және Мемлекеттік кірістер органдары көрсеткен қызметтердің сапасын арттыруға тікелей әсер етеді.

2022 жылдың ақпан айының қорытындысы бойынша Солтүстік қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті Тайынша ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы Әлия Сәлімжанқызы Баймульдинова «Қызмет көрсету орталығының үздік қызметкері» болып танылды.       

Әлия Сәлімжанқызы, Мемлекеттік кірістер органдарында 1997 жылдан бастап жұмыс істейді. Жұмыс барысында өзін сауатты маман ретінде көрсете білді жоғары аналитикалық және ұйымдастырушылық қабілеттері бар, қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін қажетті білімді шебер қолдана отырып, тапсырмаларды сапалы және уақтылы орындайды.