Date of publication: 14.03.2022 10:46
Date of changing: 14.03.2022 14:05
АҢДАТПА! «Арнайы мобильді қосымшаның көмегімен арнайы салық режимі» тақырыбында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің тікелей эфирдегі вебинары

 

АҢДАТПА!

«Арнайы мобильді қосымшаның көмегімен арнайы салық режимі» тақырыбында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің тікелей эфирдегі вебинары

2022 жылғы 14 наурыз күні сағат 16:00-де ҚР ҚМ МКК YouTube арнасында тікелей эфирде (kgd.gov.kz) «Арнайы мобильді қосымшаның көмегімен арнайы салық режимі» тақырыбында вебинар өтеді.

Спикер ретінде ҚР ҚМ МКК Арнаулы салық режимдерін және жеке тұлғалардың кәсіпкерлік қызметін әкімшілендіру басқармасының басшысы Смагулова Гульмира Амиргалиевна сөз сөйлейді.

Кездесу соңында ҚР ҚМ МКК өкілі тікелей эфир тақырыбы бойынша сұрақтарға жауап береді.

Тікелей эфирді өткізіп алмау үшін ҚР ҚМ МКК-нің YouTube арнасына жазылып, тікелей эфирлер туралы хабарлама келетіндей күйге келтіру қажет. Арнаға мына сілтеме бойынша жазылуға болады: https://www.youtube.com/user/salykgovkz