Date of publication: 15.03.2022 13:00
Date of changing: 15.03.2022 13:01

2022 жылғы 28 ақпаннан бастап Kaspi банк клиенттеріне белгіленген мерзімде салық есептілігін табыс ету қажеттілігі туралы PUSH-хабарламалары жіберілуде. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.

Kaspi банкпен ынтымақтастық шеңберінде салық міндеттемелерін уақтылы орындау бойынша қолайлы жағдайлар жасау мақсатында салық төлеушілер болып табылатын банк клиенттеріне (жеке тұлғаларға, дара кәсіпкерлерге, жеке практикамен айналысатын азаматтарға) PUSH-хабарламаларға белгіленген мерзімде салық есептілігін табыс ету қажеттігі туралы жолдау бойынша сервис іске қосылды. Осы бағыттағы жұмыс басқа екінші деңгейдегі банктермен де жүргізілуде.

«Салық кодексіне сәйкес нормаларына сәйкес мемлекеттік кірістер органдары белгіленген мерзімдерде салық міндеттемелерінің орындалуы бойынша салықтық бақылау жүргізеді. Осындай        бақылау аясында салық төлеушіге (салық агентіне) тиісті хабарлама, оның ішінде заңда белгіленген мерзімде салық есептілігінің табыс етілмегені туралы хабарлама жіберіледі»,- деп түсіндірді МКК-де.

Хабарлама белгіленген мерзімде орындалмаған жағдайда, мемлекеттік кірістер органдары салық төлеушілерге (салық агенттеріне) қатысты мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз етудің заңды тәсілдерін қолданады:

- банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;

- Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 272-бабы бойынша әкімшілік жауаптылыққа тарту.

Көрсетілген жағдайларын азайту және болдырмау мақсатында салық төлеушілерге push-хабарламалар салықтық есептілікті жасау және табыс ету бойынша салықтық міндеттемелерді орындау мерзімі басталғанға дейін және аяқталғаннан кейін жіберілетін болады.

Сондай-ақ, МКК-де 2022 жылғы 31 наурызда 2021 жылға жылдық салық есептілігін, 2022 жылғы 15 мамырда 2022 жылғы 1 тоқсанға тоқсандық есептілікті табыс ету мерзімдері аяқталатынын еске салды.

«Осыған байланысты, соңғы күндері жаппай есептілік тапсырудың нәтижесінде туындайтын жүктемелерді болдырмау үшін салықтық есептілікті алдын-ала табыс етуді ұсынамыз немесе Салық кодексінің 212-бабына сәйкес электрондық нысанда есептілік ұсынылған жағдайда, табыс ету мерзімдерін ұзарту үшін механизм стандарттарын алдын-ала пайдалануды қосымша еске саламыз», - деп ескертті МКК-де.

Салықтық есептілігін толтыру және табыс ету бойынша сұрақтар туындаған жағдайда Техникалық пайдаланушыларды қолдау қызметі СТК/СЕӨЖ sonosd@kgd.minfin.gov.kz жұмыс істейді.